Асанов Пернебек Айтбаевич » «№10 жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысы білім басқармасының
Төлеби ауданының білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(747) 743-85-74
Ұялы телефон:
+7(747) 743-85-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қыркүйек
2025

Асанов Пернебек Айтбаевич

Асанов Пернебек Айтбаевич 

1978 жылы маусым айының 19 жұлдызында қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданы Зертас елді мекенінде  дүниеге келген. 

  1995-2000 жылдары  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді «Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары» мамандығын үздік бітіріп, инженер-механик біліктілігін алған;

2000-2003 жылдары  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді «Математика және физика» мамандығы бойынша оқып, «Математика және физика пәнінің мұғалімі біліктілігін алды;

   2017-2020жылдары  Шымкент  университетінде оқып «педагогика және психология»  мамандығын бітірді

 2000-2001 жылдары «Жеңіс»  негізгі  мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған; 

2001-2002  жылдар аралығында  «Жеңіс» негізгі мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған, штаттық кестенің қысқаруына байланысты қызметінен босатылған; 

2002- 2003 жылдар аралығында  Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебінің математика және физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

2003-2004 жылдары Леңгір қаласы №1 мектеп-гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды; 

2004-2005 жылдары Леңгір қаласы №1 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы;

2005-2006 жылдары Шымкент қаласы №4 Х.Досмұхамедов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2006-2008 жылдары Леңгір қаласы №8 кәсіптік колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2008-2011 жылдары Төлеби ауданы Қ.Мамытов жалпы орта мектебінің директоры;

2011-2013 жылдары Төлеби ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры;

2013-2017 жылдары Төлеби аудандық білім бөлімінің бас маманы;

2017-2020 жылдары Төлеби ауданы «Жеңіс» жалпы білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2020-2025 жылдары Төлеби ауданы білім бөлімінің әдіскері;

2025 жылдың 05 маусымынан Төлеби ауданы «№10 жалпы білім беретін мектебінің директоры. 


Жетістіктері:

2021-2025 жылдары аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының алғыс хаттары;

2023 жылы «Төлеби ауданының 90 жылдығы» төсбелгісі;

2024 жылы «Білім бөлімінің үздік әдіскері» төсбелгісімен марапатталды;

2024 облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбек сіңірген қызметкер медалі»;

2024 жылы облыс әкімі Д.Сатыбалдының алғыс хаты;

2025 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ әзірлеген «Білім берудегі менеджмент»  тақырыбында 80 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтады. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Түркістан облысы , Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округі, Достық ауылы , Қ.Жылқыбаев көшесі №63А , пошта индексі 161100

©2025, Ресми сайт. Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «№10 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru